Марокко құрамасы көшбасшы ойыншысынан айырылды

09.02.2022, 13:25
Футболшы әлем чемпионатына жолдама алса да, командаға қосылмайтынын айтты.
Марокко құрамасы көшбасшы ойыншысынан айырылды

«Челсидің» 28 жастағы жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш Марокко құрамасындағы мансабын аяқтағанын хабарлады.

«Марокко құрамасына қайтып оралмаймын, бұл менің соңғы шешімім. Мен үшін бәрі түсінікті және мен енді бар назарымды тек клубтағы ойыныма аударамын. Түптеп келгенде, бұл бапкердің шешімі, оны құрметтеу керек. Ұлттық құрамаға қайта оралмаймын. Жанкүйерлер үшін өкінішті жаңалық, бірақ жағдай осылай», - деді Зиеш ADSportsTV арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін 28 жастағы футболшы Африка Ұлттар кубогіне шақырылмаған болатын. Оған ұлттық құраманың бас бапкері Вахид Халилходжичпен арадағы жанжал себеп болған. Хаким ұлттық құрамадағы соңғы ойынын 2021 жылдың қыркүйегінде өткізді.

Зиеш Марокко сапында 40 ойынға қатысып, 17 гол соққан. Ал осы маусымда лондондық клуб жейдесінде 24 ойынға қатысып, алты гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×