Марокко құрамасының бапкері: Роналду бізге қарсы ойында алаңға шығады деп ойлаймын

10.12.2022, 02:01
Марокко құрамасының бапкері: Роналду бізге қарсы ойында алаңға шығады деп ойлаймын


Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграги Португалияға қарсы ойында не күтетінін айтты


"Мен өз елімнің осындай кезеңге дейін келгеніне қуаныштымын. Алғаш рет араб командасы 1/4 финалда ойнайды. Біздің қарсыластарымыз мықты. Роналду бізге қарсы ойынға шыға ма, білмедім. Оның қосалқы құрамда отырғаны бізге жақсы. Қайта біз соған риза боламыз.


Еске салайық, Криштиану Швейцарияға қарсы ойынды бастапқы құрамда бастамаған еді. 1/8 финалдық ойын 6:1 есебімен Португалия пайдасына шешілген еді. Ол ойында Гонсалу Рамуш деген футболшы хэт-трик авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×