МАРСЕЛЬ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:0

24.02.2011, 19:47
МАРСЕЛЬ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:0

Чемпиондар лигасының көмтемдік маусымын бастамаған командалардың ең соңғы жұптары саналған бұл командалар, әліптің артын бағып ойнады. Көпшілік күткендей-ақ бұл кездесу тең аяқталды. "МЮ" сапында орталық жартылайқорғаушылардың жарақаты қатты әсер етті. Сэр Алекс келесі кезеңге өту үшін "Олд Траффордта" жеңіске жетеміз деп нық сеніммен отыр.

ИНТЕР - БАВАРИЯ - 0:1 (0:0) Гомес, 90 (0:1).

"Баварияның" алаңғы шығарған ойыншыларының ішінде танымал емес, жұлдыз емес 2-3 ойыншы ғана болды. Қалғанының барлығы кіл мықтылары. Роббен-Рибери жұбы "Интер" қорғаушыларын әбден састырды. Дегенмен де, олар голды ойынның соңында ғана салды. Матч бойы дым бітірмеген Гомес дайын асқа тік қасық келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×