Марсело мен Рамостың төбелесі

11.03.2019, 21:55
Марсело мен Рамостың төбелесі
Мадридтік "Реалдың" қорғаушылары Серхио Рамос пен Марсело жаттығуда сөзге келіп, бір бірімен төбелесті деп хабарлайды Marca басылымы. Сенбіде "Вальядолидке" қарсы матчтан бұрынғы жаттығуда Марсело мен Рамос екі құрамға бөлініп ойнаса керек. Серхио бразилиялықтың жеңіс тойлауын ұнатпай ескерткен. Алайда Марсело капитанның сөздеріне құлақ аспаған. Өзін тыңдата алмай ашуға ерік берген Рамос Марселоның жағасынан алыпты. Марселоны соққының астына алған испандықты әріптестері әрең тоқтатыпты.  

Руслан Мералиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×