Мартин Эдегор «Арсенал» ойыншысы атанды

20.08.2021, 22:11
Мадридтік клуб бұл ойыншыны қажет деп таппады.
Мартин Эдегор «Арсенал» ойыншысы атанды

«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор «Арсенал» клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды лондондық клубтың баспасөз қызметі. Футболшы «зеңбірекшілер» сапында 8-нөмірмен ойнайтын болады.

Бұған дейін «Арсеналдың» 22 жастағы ойыншы үшін шамамен 35 миллион еуро төлейтіні белгілі болған еді. Естеріңізге сала кетейік, Эдегор 2015 жылы «Реал Мадридке» ауысқан еді. Ол өткен маусымның екінші бөлігін «Арсеналда» өткізді, 20 матчқа қатысып, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді. 2014 жылдан бастап Эдегор Норвегия құрамасына шақырту алып жүр.

Айта кетейік, «Арсенал» жақын арада «Шеффилд Юнайтедтің» 23 жастағы қақпашысы Аарон Рэмсдейлмен келісім-шартқа отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×