Мартин Тошев: «Менде Қазақстан клубтарынан екі ұсыныс бар»

02.01.2021, 19:24
Шабуылшы болашағына қатысты шешімді бірнеше күннен кейін қабылдайтын болады.
Мартин Тошев: «Менде Қазақстан клубтарынан екі ұсыныс бар»

30 жастағы «Жетісудың» экс-шабуылшысы Мартин Тошев өз мансабын жалғастыру нұсқалары туралы айтты.

«Мен «Этара» клубына қайта ораламын деген әңгіме шындыққа жанаспайды - мен ол клубпен сөйлескен жоқпын. Түрлі әңгімелер айтылады, оған үйреніп қалдым. Менде Қазақстан клубтарынан екі ұсыныс бар, басқа елдерден де бар. Бірнеше күннен кейін мансабымды қайда жалғастыратыным белгілі болады», - деді Тошев.

Мартин Тошев өткен маусымда «Жетісу» сапында 15 матч өткізіп, 4 гол соқты. Ал оның командасы Премьер-лигада 28 ұпаймен алтыншы орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×