"Қайрат" клубының “Слованға” қарсы сырт алаңдағы еурокубоктік ойыны Александр Мартынович үшін аса маңызға ие.
“Қайрат” командасын Чемпиондар Лигасында 6 рет капитандық таңбамен алаңға бастап шығатын қорғаушы еурокубок аясындағы 55 кездесуін өткізбекші. Қазақ жанкүйері асыға күткен матч - “Тегельное Поле” стадионында санаулы минуттардан кейін ойнатылмақ.
Осы маусымда тәжірибелі ойыншы “Қайрат” сапында “Олимпия” (2х), КуПС (2х) және “Слованға” қарсы еуродода кездесулерінде төбе көрсетті.
Қорғаушы Еуропа Лигасы, Чемпиондар Лигасы және аталған турнирлердің іріктеу ойындарын қосқанда, барлығы 54 матч өткізді. Бүгінгі ойын қорғаушы үшін мерейтойлы болмақшы.
Айта кетейік, 2024 жылдан бері Мартынович сары-қаралар жүйесінде 40 матч өткізіп, 5 голды өз атына жазды.