Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарына қарсы өткен ойынды түйіндеп, нәтижеге әсер еткер факторларды тізіп берді.
Кеше ұлттық құрама сырт алаңда жолдастық кездесу өткізіп, 0:1-мен ұтылып қалған еді.
«Біз әрине жеңіс үшін дайындалдық, бірақ кішігірім мәселелеріміздің бары білініп қалды. Біріншіден – бізге жеңілдік жетіспеді, екіншіден – креативті футболшылар болмады. Жеңіліс таптық, әрине, осыдан кейін жанкүйерлердің көңіл-күйі сәл түсіп кетті. Олардан кешірім сұраймыз. Фарер аралдарының командасы жақсы ойын көрсетті, бұл мықты қарсылас. Бізге агрессия жетіскен жоқ. Алаңның орталық шебінде өзгерістер жасадық, шабуылдағы ойынымызға қолдау жасау мақсатында футболшыларды басқа позицияларға ауыстырып та көрдік. Қарсыластың қорғаушылары бойшаң, сондықтан, пас асырудан пайда болмады. Осыған дейін де айтқанымдай, бізге креативті футболшылар жетіспеді. Жеңілдік енді ары қарай жылжимыз», - деді Т. Байсуфинов ҚФФ-ның баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Бұл Қазақстан құрамасының биылғы жылдағы соңғы матчы болатын. Ұлттық команда 2025-те ӘЧ іріктеуіне қатысып, 8 ұпай жинады. Өз тобында Бельгия, Солтүстік Македония мен Уэльстен кейін 4-орынға табан тіреді. Өткен сенбіде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандықтар Бельгиямен ұпай бөліскен болатын 1:1.