"Ювентустың" бас бапкері Массимилиано Аллегри Криштиану Роналдудың клубтан кететінін растады.
"Иә, Криштиану Роналду кеше маған "Ювентустен" кеткісі келетінін айтты. Сондықтан ол бүгін жаттығуға қатыспады және ертеңгі матчқа да қатыса алмайды.
Мен Криштиануға ренжіген жоқпын. Ол өзінің керемет үш жылын өткізген "Ювентустен" кету туралы шешім қабылдады және өзіне жаңа клуб іздеуде. Бұл өмірдің бір бөлігі болып табылады. Және мұнымен өмір тоқтап қалмайды", - деді Аллегри мырза.
Айта кетейік, Роналду туриндік клубқа 2018 жылы қосылған болатын. Содан бері "Ювентус" жейдесінде бас-аяғы 134 ойын өткізіп, 101 гол соқты, 22 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET