Елдегі ұлттық лига 29-шы мамырда қайта жалғасады. Польяк біріншілігі пандемияның кесірінен тура бір ай үзілісте болды. Гданьскінің «Легиясы» наурыз айының ортасынан бері үй жағдайына оқшауланды. Жоғарғы лигада ойнайтын футболшылар жекелей түрде дайындықтарын жалғастырып келді. Командалар толыққанды жаттығуға шығу үшін, коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді. Бапкерлер құрамы да медициналық тексерістен таза шықса ғана команда алаңға оралады. Польша футбол қауымдастығы жаңа ережелер мен шектеу шараларына қатысты жоспар әзірлеп жатыр. Мамандар матч кезінде электронды ысқырықты пайдаланып, көбірек ойыншы алмастыруға рұқсат беруді көздеп отыр. Сонымен қатар, ойын кезінде санитарлық үзілістер де болуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET