Матч миниатюралары

15.06.2012, 09:47
Матч миниатюралары
* Сейсенбі күні чемпионаттың А тобында екінші турдың екі ойыны ойналды. Оларды стадионнан 96 950 адам тамашалады. Ал біріншілік басталғалы бергі көрермен саны 472 245-ке жетіп отыр. * Екі ойында 5 гол соғылды. Бұл көрсеткіш әр ойында орта есеппен 2,5 гол соғылған көрсеткішті сақтап қалды. Жалпы, біріншілік басталғалы қақпашылар өз қақпаларынан 25 рет доп алып шықты. * Біріншіліктің мергендер сапына тағы да өзгеріс енді. Оны 3 голмен Ресей құрамасының шабуылшысы Алан Дзагоев бастады. Сол сияқты чех Вацлав Пиларж екінші голын соқты. Одан басқа украин Андрей Шевченко, хорват Марио Манджукович екі доптың авторы болып отыр. Бұл күні 1 доп соққандар қатарына чех Петр Ирачек, поляк Якуб Блащиковски қосылды. Бұлардан басқа тағы 9 ойыншыда 1 голдан бар. * Бұл күні чехтар Томаш Росицки, Петр Ирачек, гректер Вассилис Торосидис, Димитрис Салпингидис, поляктар Роберт Левандовски, Ойген Полански, ресейліктер Игорь Денисов, Алан Дзагоев ескерту алды. * Төрешілер біріншілік басталғалы бері 2 ойыншыны алаңнан қуып, 32 ойыншыға ескерту берді.

* Үздік ойыншы атағына Петр Ирачек (Чехия), Якуб Блашиковски (Польша) ие болды.

________________

Деректер мен дәйектер

* УЕФА Хорватия құрамасына қарсы іс көтермекші. Осы халық­ара­лық ұйымның ресми сайты хабарлағандай, бұл Ирландияға қар­сы ойын кезінде осы ел жан­күйерлерінің жасаған бейбастақ­тық­тарына байланысты болмақ. Хорват фанаттары матч кезінде петард атып, фейерлер жаққан. * Андрей Шевченко жол оқи­ға­сы­на ұрынып қалды. Швециямен болған матчтан кейін әйелі Кристен Пазикпен бірге үйіне қайтып келе жатқан футболшының мәшинесіне бір джип келіп соғылған. Оқиға болған жерде тысқа шыққан футболшыны жан­күйерлер қоршап алып, қолтаңбалар беруге мәжбүр етіпті. егемен.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×