Матиас Курьор: «Мен жоғары жалақы алдым, бірақ «Қайсардың» базасы нашар болды»

28.10.2020, 05:55
ҚПЛ-де ойнаған әр легионер қазақ футболының былығын ашуда.
Матиас Курьор: «Мен жоғары жалақы алдым, бірақ «Қайсардың» базасы нашар болды»

"Қайсардың" бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазір Болгариялық "Черно море" клубында ойнайтын Матиас Курьор өзінің мансабындағы Қазақстанда өткен кезеңді еске алып, қызылордалық командадағы жалақысы туралы айтты:

- Мен Қазақстанда бай елді, сонымен қатар кедей адамдарды көрдім. Менің жоғары жалақы алғаным таңқаларлық, бірақ "Қайсардың" базасы өте нашар болды. Олар тактикалық тұрғыдан өте артта қалғандықтан, көбінесе шетелдік жаттықтырушыларды жалдайды.

- Қазақстанда сіз Стойчо Младеновтың қол астында жұмыс жасадыңыз. Бір-біріңді жақсы түсіністіңдер ме?

- Супер жаттықтырушы. Оның бүкіл командасы менімен жақсы байланыста болды, рахмет. Мен болгарлармен жақсы араласамын, оның менталитеті менімен сәйкес келетіні анық. Мен оған әрдайым туған күні болған кезде немесе ол трофей жеңіп алған кезде жазамын. Ол маған жауап береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×