Мауриньо Анчелоттиді жеңді

07.07.2020, 08:31
«Тоттенхэм» кезекті ойында «Эвертоннан» басым түсті.
Мауриньо Анчелоттиді жеңді

Ағылшын премьер-лигасының 33-тур ойындары осы кездесумен аяқталды. Жозе Маурирьоның командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. 24 минутта Кин өз қақпасына гол салып алды. Сосын, ойын лондондық ұжымның уақыт созуымен өтті. Осы жеңістің арқасында "Тоттенхэм" 48 ұпаймен, турнирлік кестенің 8-сатысына көтерілді. Енді 9 шілде күні "Тоттенхэм" сырт алаңда "Борнмутпен" кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×