Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін

23.11.2021, 05:28
Почеттино париждік клубтан кетуге тас-түйін дайын.
Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін

ПСЖ бас бапкері Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедке» ауысқысы келеді, деп хабарлайды BBC. Дереккөздің хабарлауынша, аргентиналық маман «қызыл сойқандармен» жұмыс істеу үшін париждік клубтан кетуге дайын.

Почеттино қазір «Манчестер Юнайтед» үшін ең басты үміткер болып саналады. Аты аңызға айналған Алекс Фергюсон де оны манчестерлік клубтың бас бапкері ретінде көргісі келеді.

Почеттиноның ПСЖ-мен қазіргі келісім-шарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Зинедин Зиданмен нақты мәмілеге келген жағдайда ПСЖ оны мерзімінен бұрын қызметінен босатуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×