"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Маурисио Почеттино клуб басшылығына келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш тастады, деп хабарлайды Goal басылымы.
Аргентиналық маманның ПСЖ-мен келісім-шарты келесі маусымның соңына дейін есептелген.
Почеттиноға "Реал Мадрид" көз тігіп отыр. Сонымен қатар "Тоттенхэм" де бұл бапкерді клубқа қайтарғысы келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда "Реал Мадрид" Зинедин Зиданның клубтан кететіні туралы ресми түрде мәлімдеді. Бастапқыда Массимилиано Аллегри бас бапкер лауазымына негізгі үміткер ретінде қарастырылған, бірақ италиялық маман "Ювентуске" қайта оралу туралы шешім қабылдады, ал мадридтік клуб Почеттиноға назар аударды. Оған қоса, Антонио Конте мен Рауль де үміткерлер тізіміне енді
Почеттино "Тоттенхэмді" 2014 жылдан 2019 жылға дейін жаттықтырған және оған дейін "Саутгемптон" мен "Эспаньол" клубтарында жұмыс жасаған. 2021 жылдың қаңтарында Маурисио "Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері атанды және онымен бірге Франция кубогін жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET