«Ювентустың» бұрынғы бас бапкері Маурицио Сарри клубтан кеткеніне үш айға жуық уақыт өткеннен кейін клубпен келісімшартын бұзбақшы.
Sport Mediaset басылымының хабарлауынша, Сарри ұзақ келіссөздерден кейін туриндік клубпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған. Келісім бірнеше сағат бұрын жасалды.
«Ювентус» Сарриге келісімшартты бұзу үшін 20 миллион еуро төлеуге мәжбүр болады деп хабарланды. Италиялық маманның клубпен келісімі 2022 жылға дейін есептелген болатын. Мауриционың өткен маусымдағы жалақысы 5,5 миллион еуроны құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Сарри Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Лионнан" жеңілгеннен кейін қызметінен босатылған болатын. Бұған дейін Сарридің «Фиорентинаны» жаттықтыруы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET