«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Мауро Икарди «Вулверхэмптонға» ауысудан бас тартты, деп хабарлайды журналист Николо Скира.
Дереккөздің айтуынша, 29 жастағы аргентиналық футболшы ПСЖ-ның келесі маусымдағы жоспарына енбеген және жазғы трансферлік терезеде клубтан кетуі мүмкін, бірақ мансабын алғашқылардың бірі болып ұсыныс жасаған «Вулверхэмптонда» жалғастырғысы келмейді. Мауроға А сериясына жолдама алған «Монца» клубы қызығушылық танытудв.
Еске салайық, Икарди 2019 жылы «Интерден» ПСЖ-ға жалдау шарты бойынша ауысып, бір жылдан кейін париждік клубпен толық келісім-шартқа қол қойды. Өткен маусымда шабуылшы Франция чемпионатында 24 матчқа қатысып, 4 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET