Маусымның үздік жартылай қорғаушысына берілетін жүлде Вахид Масудовтың есімімен аталады

10.10.2021, 16:00
Қазақ футболының ардагері бүгін 62 жасқа толды.
Маусымның үздік жартылай қорғаушысына берілетін жүлде Вахид Масудовтың есімімен аталады

Бүгін, 10 қазанда, қазақ футболының атақты ардагері Вахид Масудов 62 жасқа толды.

Масудов Таразда дүниеге келген, жергілікті «Химик», «Хорезм», «Мелиоратор» (Қызылорда), «Қайрат», «Терек» (Грозный), «Достық» (Алматы), «Пройссен-07» (Германия), «Актюбинец», «Елімай» командаларында ойнаған. Ойыншы ретінде бірінші лига командалары арасындағы КСРО біріншілігінің турнирі, КСРО футбол федерациясының Кубогі, Қазақстан чемпионаты (1992, 1995), Қазақстан Кубогінің (1992, 1995, 1996/7) жеңімпазы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, команда капитаны болған.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Вахид Юнусович ЦСКА–«Қайрат» (Алматы), «Тараз», «Шахтер», «Қайрат», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Локомотив» (Астана), «Атырау», «Ордабасы», «Астана-1964», ЦСКА (Алматы), «Ақжайық», «Мақтаарал» командаларында бапкер ретінде жұмыс істеді. Қазақстан жастар және ұлттық құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маусымның үздік жартылай қорғаушысына берілетін жүлдені Вахид Масудовтың есімімен атау туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×