Маусымның үздік жас ойыншысы анықталды

30.11.2021, 15:19
«Ордабасы» футболшысы Анатолий Ионкин атындағы сыйлықтың иегері атанды.
Маусымның үздік жас ойыншысы анықталды

2021 жылғы маусымнан бастап жылдың үздік жас футболшысы жүлдесіне хет-трик жасау жылдамдығы бойынша КСРО чемпионаттарының рекордсмені, атақты қазақстандық функционер Анатолий Михайлович Ионкиннің есімі берілді. 

Бұл жүлденің бірінші лауреаты болып 21 жастағы шымкенттік «Ордабасы» және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов атанды. 

Эльхан осы маусымда, Францияға қарсы ойында алаңға шығып, Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады. Еліміздің жастар командасы үшін 5 ойын өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ал «Ордабасы» жейдесінде Астанов 30 ойын өткізіп, 2 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. 

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды Арман Кеңесов иеленді. Павлодар футболының түлегі өткен маусымды «Қайсарда» өткізді. Қызылордалық клубтың құрамында 33 ойынға қатысып, 4 рет мергендік танытты және 2 голдық паспен көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасында 8 матч өткізді.

Үздік үштікті «Ақтөбе» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Максим Самородов түйіндеді. Максим наурыз айында Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады, бірақ тұрақты түрде Қайрат Нұрдәулетовтың командасына шақырту алып отырды және соңғы ойында Шотландия қақпасының осал тұсын таба білді. Маусымның ортасында Самородов жарақат алып, біраз ойындарға қатыса алмады. Дегенмен, аяқталған маусымның қорытындысы бойынша ол 27 кездесу өткізіп, 4 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×