Мбаппе “Қайрат” қақпасын да дәл көздеді

30.09.2025, 22:40

Француз жұлдызы Килиан Мбаппе Шерхан Қалмұрзаның қақпасына пенальтиден гол соғып, тағы бір мәрте өз шеберлігін дәлелдеді.

Мбаппе “Қайрат” қақпасын да дәл көздеді

Осы нәтижемен ол Еуропа клубтық турнирлеріндегі ең үздік француз сұрмергендерінің тізімінде Тьерри Анримен теңесті:

  • Карим Бензема – 92 гол
  • Тьерри Анри – 59 гол
  • Килиан Мбаппе – 59 гол

Мбаппенің қыркүйек айындағы көрсеткіші мүлде ғаламат. Ол клуб пен ұлттық құрама сапындағы барлық ойындарында гол немесе нәтижелі паспен көзге түсті.

Қыркүйектегі көрсеткіштері:

  • 1 гол Украинаға қарсы
  • 1 гол, 1 голдық пас Исландияға қарсы
  • 1 гол, 1 голдық пас "Реал Сосьедадқа” қарсы
  • 2 гол "Марсельге” қарсы
  • 1 гол "Эспаньолға” қарсы
  • 2 гол "Леванте" қақпасына
  • 1 гол "Атлетикоға” қарсы
  • 1 гол "Қайрат” қақпасына

8 матчта – 12 нәтижелі әрекет (гол+пас).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×