Мбаппе келесі маусымда қайда ойнайды?

22.07.2020, 12:58
Зиданға тағы бір маусым күтуге тура келеді.
Мбаппе келесі маусымда қайда ойнайды?

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе келесі маусымда Париждік клубта ойнайтынын растады.

«Мен «ПСЖ» клубындамын және мен осы жобаның бір бөлігі болғым келеді. Мен келесі маусымда «ПСЖ» сапында ойнаймын және командамен мүмкіндігінше көп олжаларды жеңіп алуға тырысамын. Біздің алдымызда өте маңызды маусым бар», - деді Мбаппе

2019/2020 маусымда Мбаппе барлық турнирлерде «ПСЖ» үшін 33 матчқа қатысып, 30 гол соғып, 17 голдық пас берді. Килианның трансферлік құны 180 миллион еуроға бағаланады. Бұған дейін ойыншының қызметіне «Реал Мадрид» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, коронавирустық пандемияға байланысты Франция чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталған еді. «Пари Сен-Жермен» ел чемпионы деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×