Мбаппе: «Мен мұнда Чемпиондар лигасын жеңу үшін келдім»

23.08.2020, 16:21
Бүгін керемет мүмкіндік туып тұр.
Мбаппе: «Мен мұнда Чемпиондар лигасын жеңу үшін келдім»

«Пари Сен-Жермен» футболшысы Килиан Мбаппе Париждік клубқа не үшін қосылғанын және Франция футболының тарихына түсуге дайын екенін айтты.

"Біздің Чемпиондар Лигасын жеңіп алу мүмкіндігіміз бар, сол себепті мен осы клубқа ауысқан болатынмын. Мен әрқашан француз футболының тарихына түскім келетінін айттым. Ертең менде тағы бір мүмкіндік болады. Мен командаға 2017 жылы келдім. Біз біршама үлкен қайғыны бастан кешірдік, бірақ қазір біз финалда тұрмыз. Бұл менің де, бүкіл команданың да бас тартпағанын көрсетеді. Осы турнирдегі француз клубының жеңісі нағыз тосынсый болар еді. Мен осында келгенде менің бір ғана мақсатым болды" - деді Мбаппе.

Жақында жарақатынан айыққан Мбаппе күн сайын өзін жақсы сезінетінін айтты.

«Неғұрлым көп күн өткен сайын, мен өзімді жақсы сезінемін. Жартылай финалға қатысуым маған көп көмектесті, дегенмен ол кезде менің жарақатым толық жазылмаған еді», - деді шабуылшы.

Сонымен қатар, Мбаппе команданың бас жаттықтырушысы Томас Тухель туралы пікірімен бөлісті.

«Ойыншылар бапкерді қолдайды. Мен көп нәрсені естідім, мысалы, ол киіну бөлмесін басқара алмағаны, жұлдызды ойыншыларды қалай жаттықтыруды білмейтіні туралы... Бірақ онымен бірге команда клуб тарихындағы ең жақсы маусымды өткізуде. Біз барлық олжаларды жеңіп алдық, команда Чемпиондар лигасының финалына шықты. Ол бәрімізді дұрыс қалыпқа келтіре білді. Әрине, әртүрлі жағдайлар болды, бірақ менің ойымша, бұл әлемдегі барлық жаттықтырушыларда болады. Ол шынымен біз сенетін маман», - деді Мбаппе

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×