Килиан Мбаппе мен рэпер Орэльсан (Орэльен Котантен) арасында күтпеген түсініспеушілік орын алды.
Даудың бастамасы — Канн футбол клубының қазіргі ауыр жағдайы және рэпердің жаңа әніндегі Мбаппеге бағытталған астарлы сөздер.
Канн қаласының басты командасы – "Caen FC” соңғы уақытта өте сәтсіз ойнап жүр: 12 матчтың тек үшеуінде ғана жеңіске жеткен. Өткен маусымда команда Лига 2-ден үшінші деңгейлі біріншілікке түсіп қалған болатын. Бұл құлдырау жергілікті жанкүйерлердің наразылығын күшейтіп, клубтың иесі Килиан Мбаппеге сынның көбеюіне себеп болып отыр.
Осы сәтте Канн қаласының тумасы Орэльсан өзінің жаңа La Fuite en avant альбомындағы “La Petite Voix” әнінде мынадай жол қалдырған:
“Өз қалаңды "Мбаппе отбасы” сияқты қиратасың.”
Бұл жолдар көпшіліктің пікірінше тікелей Мбаппеге бағытталған. Ән шыққан соң әлеуметтік желілерде үлкен дау туды — бірі Орэльсанның өнер еркіндігін қорғап, оны қаланың намысын айтушы ретінде қолдаса, енді бірі оның сөзін шектен шыққан арандату деп қабылдады.
Мбаппе бұл пікірлерге жауапсыз қалмай, әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады:
“Өз қалаңды сонша жақсы көрсең, оны өзің құтқарып көр, Орэльсан.
P.S. Бұл жігіт бізден тегін 1% үлес сұрап, ақша жоқ деп жалынып жүрген. Енді келіп Нормандияның "құрбаны” болғысы келеді.”
Осыдан кейін қоғам екіге жарылды. Бір бөлігі Мбаппені қолдап, “ол өз беделін қорғауға құқылы” десе, екіншілері “көпшілік алдында мұндай ашулы сөздер айту – клуб иесіне жараспайды” деп сынға алды.
Канн қаласында жағдай одан сайын ушығып, футбол мен музыка әлемі күтпеген жерден бір-біріне қарсы тұрды.
Бұған дейін Килиан Мбаппе клубқа иелік ете бастаған сәтінде:
“Мен ойыншылармен, жаттықтырушылармен және клуб қызметкерлерімен тығыз байланыста болғым келеді. Канн мен үшін жай клуб емес, жүрегімнің бір бөлігі.” — деген болатын.