Мбаппе өзін Роналдумен салыстырды

05.04.2025, 19:30

Килиан Мбаппе өзін Криштиану Роналдумен салыстырулар туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Мбаппе өзін Роналдумен салыстырды

Сіздің алаңдағы позицияңыз жайлы көп пікірталас жүріп жатыр. Бұрын дәл осындай әңгімелер Криштиану Роналду жайында да болған. Бұл сізге әсер ете ме? — деген сұраққа Мбаппе былай деп жауап берді:

“Жоқ, мүлде әсер етпейді. Криштиану - ол шабуылдың үш позициясында да ойнай алатын. Мен де бұны жасай аламын. Бірақ бұл ең бастысы емес. Ең маңыздысы – командаластармен өзара түсіністік пен матчтан ләззат алу. Мен үшін ең маңыздысы – осы”.

Осы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

                                              Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×