Мбаппе: "Реалға" ауысу үшін Дешаммен ақылдасамын

31.05.2017, 19:46
Мбаппе: "Реалға" ауысу үшін Дешаммен ақылдасамын
"Монаконың" жас шабуылшысы Киллиан Мбаппе "Реалға" ауысуы мүмкін. Мадридтік клуб бұл шабуылшы үшін 100 миллионнан астам еуро төлеуге дайын. Кейбір ақпарат көздері "Реал" 120 миллион төлеуге дейін барады деп отыр. Ал шабуылшының өзі жаңа ғана берген сұқбатында өз ойын айтыпты. ""Реалға" ауыспас бұрын Дидье Дешаммен ақылдасамын. Ол кісі әрине мен үшін шешім шығармайды, алайда ол кісінің ақылы мен үшін маңызды" - депті француз шабуылшысы. Киллиан қазір Франция ұлттық құрамасымен жаттығулар жасап жатыр. Себебі, Франция 2 маусым күні Парагваймен, 9-күні Швециямен жолдастық кездесу өткізеді. Ал "Реал" қорғаушысы Рафаеэль Варан "Мбаппені "Реал" асыға күтіп отыр" деп сұқбат берді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×