
Килиан Мбаппе 16 сәуірде “Арсеналға” қарсы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы ойында алған жарақатынан кейін әлі де командалық жаттығуларға қатыса алмауда.
Ойынның 75-минутында Деклан Райспен қақтығыстан кейін Мбаппе оң жақ тобығына жарақат алып, ойынды әрі жалғастыра алмаған. Қазіргі уақытта оның тобығы ісініп тұр, бірақ жарақаттың ауыр емес екені хабарланды.
Ол әлі де жеке қалпына келтіру жаттығуларын өткізіп жатыр және командалық жаттығуларға қосылған жоқ.
Мбаппе “Реал Мадридтің” алдағы үш матчында, соның ішінде 26 сәуірде “Барселонаға” қарсы өтетін Испания Кубогының финалында алаңға шығуы екіталай. Клубтың медициналық штабы оның жағдайын мұқият бақылауда ұстап отыр және оны толық қалпына келгеннен кейін ғана ойынға шығаруды жоспарлап отыр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET