“Мьельбю” клубы сенсация жасады

Хеллевик ауылының футбол командасы Швеция біріншілігінің 3-туры қалғанда, ел чемпионы атанды.

“Мьельбю” клубы сенсация жасады

“Мьельбю” Швеция чемпионатының 27-турында 66 ұпай жинап, мерзімінен бұрын топ жарды. Хеллевик командасының соңынан еріп келе жатқан “Хаммарбю” қалған 3-турды жеңіспен аяқтағанымен, Андерс Тортенссон шәкірттерін қуып жете алмайды.

Осыдан бірнеше жылдар бұрын “Мьельбю” Швецияның 3 лигасында ойнады. Ал қазір болса, команда Супелигадағы ең аз 2 млн еуро бюджетпен элиталар арасында оқ бойы оза шапты. Бір қызығы, Хеллевик клубының бас бапкері Андерс Тортенссон футболға дейін мектептің директоры болып, әскерде қызмет жасап келген екен. 

Келесі маусымда “Мьельбю” Швеция атынан Чемпиондар Лигасында өнер көрсететін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×