Мемфис Депай Патрик Клюйверттің рекордын жаңартты

12.10.2021, 16:53
Депай кеше Гибралтар қақпасына екі гол соқты.
Мемфис Депай Патрик Клюйверттің рекордын жаңартты

"Барселона" клубының шабуылшысы Мемфис Депай Нидерланды құрамасында рекорд орнатты, деп хабарлайды OptaJose статистикалық порталы. Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерланды Гибралтарды 6:0 есебімен жеңді.

Депай дубль жасап, бір күнтізбелік жылдағы (2021) 13 және 14-ші голдарын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол 2000 жылы 12 гол соққан Патрик Клюйверттің рекордын жаңартты.

Нидерланды сегіз ойында 19 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Норвегия (17) - екінші, Түркия (15) - үшінші, Черногория (11) - төртінші орынға жайғасқан. Гибралтар құрамасы (0) соңғы орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×