"Мен бұған ешқашан сенбегем". Шотландиялық сарапшылар қарымта кездесуден не күтеді?

22.08.2025, 16:16

«TheCelticBlog.com» сайтының тұрақты авторы Джеймс Форрест «Селтик» жанкүйерлерінің «Қайратты» менсінбегеніне таңқалып, командасының ЧЛ-дағы мүмкіндігіне байланысты пікірін білдірді.

"Мен бұған ешқашан сенбегем". Шотландиялық сарапшылар қарымта кездесуден не күтеді?
"Селтик" - "Қайрат" кездесуі

Айта кетейік, командалардың бірінші бәсекесінде алматылық клуб сырт алаңда тең ойнап қайтқан 0:0.

«Ең үлкен қателіктің бірі - «Қайратты» жолымыздан еш қиналмастан, оп-оңай тайдырамыз деген ой болған. Мен бұған ешқашан сенбегем. Сондықтан, бұл басынан-ақ, дұрыс идея емес еді. Ақылды бапкер үшін біздің шабуылдың жойқын еместігін біліп қорғанысына 11 футболшыны тізіп қою қиынға соққан жоқ. Десе де, мен әлі де ары қарай өтіп кетерімізге сенемін. Роджерс қарымта кездесуге бірдеңе ойластырып қояды, өйткені бізде ең күшті футболшылар бар және жалпы айтқанда біз олардан мықтырақпыз. Негізгі кезеңге шығу үшін кішкене сиқыр керек, ал қазіргі құрамның қолынан мұндай ерлік келеді. Бірақ, оларды қалпақпен ұрып аламыз деген идеяның қайдан келгенін түсінсем бұйырмасын», - деді Д. Форрест.

«Қайрат» 26-тамызда ЧЛ негізгі кезеңіне шығу үшін тырысып көрмек.               

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×