
Роберто Де Зерби
Францияның "Олимпик Марсель" футбол клубындағы кейбір мұсылман ойыншылар Аид әл-Фитр (Ораза айт) мейрамын отбасыларымен бірге атап өте алмағанына наразы болған. Бұл жағдай бас бапкер Роберто Де Зербидің шешіміне байланысты болған.
Италиялық жаттықтырушының ойыншыларға:
«Мен де өз отбасымды көрмеймін. Сондықтан сендер де көрмейсіңдер», – деп айтқаны хабарланған.
Осыған байланысты командадағы мұсылман футболшылардың бірі:
"Ол үшін бұл жай ғана – таңдау. Ал біз үшін бұл – сенім мен дін мәселесі", – деп пікір білдірген екен.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET