“Мен оны жынды шығар деп ойладым!” — Матюиди Роналдудың әрекеттеріне қалай таң қалғанын айтып берді

13.07.2025, 17:30

"Ювентустың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Блез Матюиди Турин клубының бұрыңғы шабуылшысы Криштиану Роналдудың кәсібилік деңгейіне қатысты таңғаларлық оқиғамен бөлісті. Айта кетейік, қос футболшы 2018 бен 2020 жылдар аралығында бірге ойнаған.

“Мен оны жынды шығар деп ойладым!” — Матюиди Роналдудың әрекеттеріне қалай таң қалғанын айтып берді

"Криштиану нағыз кәсіби ойыншы, жұмысына бар жан-тәнімен берілген адам. Бірде біз А сериясының матчынан кейін түнгі екіде көліктерімізді алып кету үшін стадионға оралдық. Біз түгел шаршаған едік, ал ол (Роналду) Бенатиаға барып, оны өзімен бірге қалпына келтіру жаттығуына баруға көндіріп қойды.

Мен оны жынды шығар деп ойладым! Бірақ Роналду сондай болатын, ол ешқашан тоқтамайтын. Міне, дәл осы оның табысының құпиясы. Сол себепті де ол әлі күнге дейін алаңда ойын тағдырын өзгерте алады.” — деді Матюиди.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×