"Манчестер Сити" қорғаушысы Бенжамен Менди "Монакода" бірге ойнаған бұрынғы əріптесі Килиан Мбаппемен арада болған қызық оқиға жайында айтты.
-«2017 жылы Чемпиондар лигасының ширек финалында "Боруссиямен" болатын алғашқы матч алдында Килианға 2 гол салсаң Rolex сағатын сыйлаймын деп айтқанмыз. Ол ойланбастан "Уайымдама, мен 2 гол салам", деп жауап берді.
Нəтижесінде ол өзі айтқан 2 голды салды. Ойыннан кейін мен" "Жақсы ойын болды. Жауапты ойында басымдыққа ие болдық",-деп едім, Килиан: "Менің сағатымды алып кел",- деп жауап берді",-деп еске алды франциялық ойыншы.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET