
Қаңтар айынан бері қылмыстық ұйыммен байланысы бар деген күдікпен тергеуге алынған “Рома” және “Интердің" бұрыңғы ойыншысы Раджа Наингголан өзі жайлы үн қатты.
Наингголан халықаралық есірткі желісіне қатысты тергеуде басты күдіктілердің бірі саналатын Наср-Эддин Секкаки есімді белгілі есірткі тасымалдаушыдан 100 мың еуро көлемінде қарыз сұрағанын мойындады. Алайда ол бұл әрекетті есірткімен байланысты қылмыстық әрекеттерді қаржыландыру үшін жасамағанын мәлімдеді.
“Иә, мен Секкакиден сол соманы сұрадым, бірақ заңсыз сауда үшін емес." – деді ол Бельгиядағы “Bar Goens” бағдарламасына берген сұхбатында.
“Маған шұғыл түрде ақша қажет болды. Ажырасуымның салдарынан шоттарым бұғатталды, әрі менің құмар ойындардан қарызым жиналып қалған еді.”
Прокуратура Наингголан қылмыстық әрекеттерді қаржыландырған болуы мүмкін деген болжамды қарастыруда. Алайда футболшы бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр:
“Маған ақша керек болды, оларға емес. Мен жеке жағдайыма байланысты көмек сұрадым. Есірткімен ешқандай байланысым болған емес. Адамдар газеттерден оқып алып, мені есірткі ісіне қатысы бар деп ойлайды.”
Біздің серіктес: FONBET