Қазақстандық танымал маман Ғани Қайназаров "Қайрат" пен Ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбековтің болашағы туралы ой бөлісті, дер хабарлайды Aladop.kz.
Сарапшы жас таланттың әлеуетін жоғары бағалап, оның Eуропалық футболға көшуіне қатысты маңызды факторларды атап өтті.
Еуропалық деңгейге дайын ба?
Қайназаровтың пікірінше, Темірлан биылғы маусымда өзін нағыз кәсіби тұрғыда көрсете білді. Әсіресе, Чемпиондар лигасы мен ішкі біріншіліктегі сенімді ойыны оның Қазақстан Премьер лигасының үздік қақпашысы атануына толық негіз болды.
"Темірлан қазірдің өзінде еуропалық футболдың талаптарына жауап бере алады.” — дейді маман.
Тағы бір маусым – елде калғаны дұрыс па?
Маман Анарбековке шетелге аттанбас бұрын тағы бір жыл елде тәжірибе жинауға кеңес береді. Оның бірнеше себебі бар:
1. Тұрақтылық: "Қайрат” чемпионы ретінде алдағы уақытта Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Бұл – үлкен мектеп.
2. Ойын практикасы: Қазіргі таңда Темірлан Алматылық клубтың негізгі қақпашысы. Кез келген Еуропалық клубта негізгі құрамға кепілдік берілмейтінін ескерсек, тұрақты ойын оның шеберлігін шыңдай түспек.
Бейімделу және психологиялық төзімділік
Шетелдік чемпионаттарға бейімделу тек шеберлікке ғана емес, футболшының жаңа тілдік орта мен мәдениетке үйрену қабілетіне де байланысты. Қайназаров қақпашы үшін ең маңызды қасиет — психологиялық тұрақтылық екенін баса айтты. Ал ойындағы кемшіліктерді түзету – күнделікті жаттығу процесіндегі бапкерлердің еншісіндегі шаруа.
Агенттің рөлі мен болашақ жоспар
Маманның айтуынша, Еуропалық нарыққа шығу үшін мықты агенттікпен жұмыс істеудің маңызы зор. Тікелей байланыстары бар агенттер ғана футболшының сауатты трансфер жасауына көмектесе алады.
"Темірланға алдағы 3-5 жылда кәсіби өсу мен жарақатсыз мансап тілеймін. Оның позициясында физикалық дайындықпен қатар, ішкі сенімділік шешуші рөл атқарады.” — деп түйіндеді Ғани Қайназаров Sports24.kz сайтына берген сұхбатын.