Меркель: «Астанадағы» бір адам менің клубқа ауысқанымды қаламады. Ол бірнеше күн бұрын жұмыстан қуылды»

02.11.2020, 01:55
Меркель Пол Эшуорт туралы айтқан секілді.
Меркель: «Астанадағы» бір адам менің клубқа ауысқанымды қаламады. Ол бірнеше күн бұрын жұмыстан қуылды»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель неліктен "Астанаға" ауыспағанын айтты.

"Мен ешқашан "Астанадан" бас тартпадым. Мен "Астанаға" баруға дайын едім, өйткені бұл өте жақсы клуб. Мен сол кездегі жаттықтырушы Михал Билекпен өте жақсы келіссөздер жүргіздім және мен Қазақстанға келіп ойнау мүмкіндігін тағатсыздана күттім. Премьер-лигада ойнап, отбасыммен "Нұр-Сұлтанда" тұрғым келді.

Бірақ, өкінішке орай, клубтағы адамдар менің "Астанаға" келуімді қаламады. Осы адамдардың біреуі бірнеше күн бұрын жұмыстан шығарылды. Бірақ бұл футбол, өмір жалғасуда, өзіңмен үнемі жұмыс істеу керек. Мүмкін бір күні тағы да қазақстандық клубта ойнауға мүмкіндігім болар», - деді Меркель.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Меркель Сауд Арабиядағы "Аль-Файсали" клубына ауысқан болатын. 28 жастағы жартылай қорғаушы тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×