Меркельдің «Хераклестен» кететін күні анықталды

28.05.2020, 16:28
Александр Меркель «Хераклеспен» қош айтысады.
Меркельдің «Хераклестен» кететін күні анықталды

Нидерландық БАҚ өкілдері Ресейдің бірнеше клубтары қызығып отырған "Хераклестің" жартылай қорғаушысы Александр Меркель клубтан осы жұма күні, яғни 29 мамырда кетеді деп айтты:

"Мауро Жуниор, Осман Мохаммед және Александр Меркель "Хераклестен" осы жұма күні кетеді. Ешқандай қоштасу кеші болмайды. Оларға алғысымызды айтып, қоштасатын боламыз. Жалға келген Мауро қайта "ПСВ"- ға оралады, ал Осман мен Меркель өздеріне жаңа клуб іздейтін болады."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×