МЕССИ – 3, БЛАТТЕР – 4

07.06.2011, 18:01
МЕССИ – 3, БЛАТТЕР – 4
Аргентина ұлттық құрамасы мен каталониялық “Барселона” футбол клубының алтын асығы Лионель Месси қатарынан үшiншi жыл аты аңызға айналған футболшы Альфредо ди Стефано атындағы сыйлықпен марапатталды. Испаниялық “Марса” газетi жыл сайын Испания бiрiншiлiгiн қорытып, футболшылардың еңбегiн сараптайды. Биылғы чемпионатта Месси 33 матчқа қатысып, еншiсiне 31 гол жазыпты. Ал ФИФА президентi болып, төртiншi мәрте Йозеф Блаттер тағайындалды. Өткен аптада Цюрих қаласында өтен ФИФА-ның 61-конгресiнде осы мәселе түбегейлi шешiлдi. Сайлау нәтижесiнде 203 делегаттың 186-сы Блаттерге болысып, дауыс берiптi. Ендi 75 жастағы швейцариялық өзiнiң шаруасын ары қарай өрiстете беретiн болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Беранек тапқан таланттар
Келесі жаңалық
Еуро-тур
Серіктес жаңалықтары
×