Месси атақты венгр Ференц Пушкаштың рекордын қайталады

“Интер Майами” шабуылшысы командаластарына голдық пас беру көрсеткіші бойынша рекорд орнатты.

Месси атақты венгр Ференц Пушкаштың рекордын қайталады

38 жастағы аргентиналық МЛС Кубогының “Цинцинатиге” қарсы 1/4 финалында 1 гол мен 3 голдық пас берді. Сол арқылы ол өз командасының соғылғаг барлық голдарына үлес қосты. 

1135 матчында 404 голдық пасын берген Лионель Месси Ференц Пушкаш рекордын қайталады. Қазірде Барселона аңызы гол+пас көрсеткіші бойынша 1300 ұпай еншіледі ((896 гол + 404 голдық пас).

Жалпы Леоның көрсеткіші абсолютты саналып, тарихқа жалғыз рекордсмен ретінде тіркелуі мүмкін. Неге десеңіздер, Ференц Пушкаштың 404 голдық пас берген нәтижесі жайында ресми хаттамалар көрсетілмеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×