Месси «Барселонадан» кетпейді, бірақ ол Бартомеуге ренжулі

05.07.2020, 20:37
Месси неге клуб президентіне өкпелі?
Месси «Барселонадан» кетпейді, бірақ ол Бартомеуге ренжулі

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Каталониялық клубтан кеткісі келмейді, бірақ ол клуб басшылығына наразы, деп хабарлайды Goal.

Жақында испандық БАҚ Месси "Барселонадағы" жағдайға наразы екенін және мансабын басқа командада жалғастырғысы келетіндігі туралы хабарлаған болатын. Аргентиналық мансабын жалғастырудың ықтимал нұсқаларының бірі - "Манчестер Сити" деп аталады, онымен келесі жазда келісімшартқа қол қойып, еркін агент бола алады.

Goal-дың айтуынша, Лионельдің жақтастары бұл ақпаратты әдейі таратқан. Осылайша, "Барселона" көшбасшысы клуб президенті Хосеп Мария Бартомеуге сенімсіздік білдіргісі келді.

Мессидің Бартомеуге деген көзқарасы «Барселона» басшысының қызметінен мерзімінен бұрын кетуіне әкелуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×