Месси “Барселонаға” оралғысы келгенін мойындады

18.04.2025, 15:30

Лионель Месси “Барселонаға” қайта оралғысы келгенін ашық айтты.

Месси “Барселонаға” оралғысы келгенін мойындады

Месси Каталондық клубта 20 жылдан астам уақыт өнер көрсетті. Алайда 2021 жылы “Барселона” қаржылық қиындықтарға байланысты Мессимен келісімшартты ұзартуға мүмкіндік таппады. Осыдан кейін аргентиналық жұлдыз Францияның "ПСЖ" клубына ауысқан болатын.

2023 жылы Месси “Барселонаға” қайта оралуға өте жақын болды, бірақ келісім жүзеге аспады. Нәтижесінде, ол АҚШ-тың “Интер Майами” клубына қосылды.

“Мен әрқашан “Барселонаға” оралғым келді – бұл менің басты мақсаттарымның бірі еді. Өкінішке қарай, оны жүзеге асыру мүмкін болмады”, – деп мәлімдеді Месси Inter Miami News Hub парақшасына берген сұхбатында.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×