Месси Депайдың «Барселонаға» ауысуына қарсылық білдірді

02.10.2020, 16:44
Өздеріңіз білетіндей, Месси клубтың ішкі саясатына араласа алады.
Месси Депайдың «Барселонаға» ауысуына қарсылық білдірді

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси «Лион» клубының ойыншысы Мемфис Депайдың каталондық клубқа ауысуына қарсы, деп хабарлайды beIN Sports.

Месси «Манчестер Юнайтедпен» келіссөздер жүргізіп жатқан Усман Дембеленің "Барселонада" қалуын талап етуде. Депайдың "Барселонаға" ауысуы, тек бір жағдайда, яғни Дембеле клубтан кетсе ғана мүмкін болатындығы атап өтілді.

Бұған дейін Депай «Барселонаның» бас бапкері Рональд Куманның басты трансферлік мақсаты екендігі хабарланған болатын. Каталондық клуб Депаймен жеке келісімшарт талаптарын бірнеше апта бұрын келісіп қойған.

Мемфис Депай "Лионға" "Манчестер Юнайтедтен" 2017 жылы ауысқан. 2019/2020 маусымда оның командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Францияның чемпионатының осы маусымында Мемфис Депай «Лион» сапында 5 матч өткізіп, 4 гол соғып, бір сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×