Месси – ең құнды ойыншы

11.06.2015, 08:28
Месси – ең құнды ойыншы

FBL-WC-2014-MATCH64-GER-ARG

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) бұл күндері қарт құрлықтың жасыл алаңдарында жасындай жарқырап жүргендердің арасынан ең құнды 10 футболшыны анықтады.
Бұл көшті әйгілі Лионель Месси бастап тұр. Испанияның «Барселона» клубының сапында өнер көрсетіп жүр­ген аргентиналық шабуылшы­-ның құны 255,3-280,8 миллион евро шамасында. Екінші орында – Эден Азар. Лондонның «Челсиінің» жей­десін киген Бельгияның беткеұстары 135,4-148,9 милионға бағаланды. Үшінші сатыға Криштиану Роналду жайғасты. Мадридің «Реалының» құ­рамында ойнайтын португалиялық сұр­­мергеннің құны – 113,3-124,7 мил­лион. Одан кейінгі орындарға мына футболшылар жайғасты: 4. Неймар («Барселона», Испания) – 89,6-98,5, млн, 5. Серхио Агуэро («Манчестер Сити», Англия) – 78,2-86,0 млн, 6. Рақым Стерлинг («Ливерпуль», Англия) – 73,7-81,0 млн, 7. Поль Погба («Ювентус», Италия) – 70,3-77,3 млн, 8. Диего Коста («Челси», Англия) – 69,9-76,9 млн, 9. Алексис Санчес («Арсенал», Англия) – 67,8-74,6 млн, 10. Хамес Родригес («Реал», Испания) – 62,5-68,8. Ғалым Сүлеймен «Айқын»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×