Месси енді «Барселонаның» капитаны болмауы мүмкін

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.09.2020, 03:09
Месси енді «Барселонаның» капитаны болмауы мүмкін

Месси мен "Барселонаның" жаңа бапкері Рональд Куман жақында жеке кездесу өткізеді.

Кездесуде басты талқыланатын мәселенің бірі Месси әрмен қарай клуб капитаны рөлін атқара ма. Соңғы болған жайттарға байланысты аргентиналық болашақта да клуб капитаны болса, бұл оған қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Лео Месси "Барсада" тағы бір маусым қалатынын мәлімдеген болатын. Аргентиналық коронавирусқа қарсы медициналық тексерістен өтті. Тексеріс қортындысы ойдағыдай болса 7 қыркүйектен бастап, клубпен бірге жаттығуды бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×