Месси Италиялық клубқа ауысуы мүмкін

25.07.2020, 23:37
Кеше Мессидің әкесі Миланнан үй сатып алған еді.
Месси Италиялық клубқа ауысуы мүмкін

"Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси бір жылдан кейін Италияға ауысуы мүмкін.

Sport Mediaset хабарлағандай, "Интер Милан" "Барселона" капитанын алғысы келеді. "Интердің" жоспары - 2021 жылы Мессиді алу. Шабуылшының «Барселонамен» қазіргі келісім-шарттары келесі жазда аяқталады.

«Интердің» қожайындары Мессидің жоғары жалақысына алаңдамайтыны айтылды. Олар аргентиналыққа жылына 50 миллион еуро төлеуге дайын, өйткені оның ауысуынан көп пайда көреді. Леоның командада болуы жаңа демеушілер әкеліп, команда жейделерінің сатылымын арттырады.

Еске салайық, аяқталған Испания чемпионатында Лео 33 матч өткізіп, 25 гол соғып, 21 пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×