Месси мен Суарес «Интер Майамиді» КОНКАКАФ Кубогінің ширек финалына шығарды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
14.03.2024, 10:36

Кеше түнде аталмыш турнирдің 1/8 финалының жауапты матчы болған. «Интер Майами» өз алаңында «Нэшвиллді» қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті. Сонымен қос ойынның қортындысында ширек финалға Лионель Мессидің командасы шығып отыр. Бірінші матч 2:2 есебімен аяқталған.

Месси мен Суарес «Интер Майамиді» КОНКАКАФ Кубогінің ширек финалына шығарды

Форт-Лодердейл қаласындағы қарымта бәсекеде Лионель Месси мен Луис Суарес нәтижелі өнер көрсетті. Аргентиналық футболшы мен Уругвайлық шабуылшының еншісінде 1 гол мен голдық пас. Айта кетейік, КОНКАКАФ Кубогінің ширек финалында «Интер Майами» «Монтеррей» - «Цинцинатти» жұбының жеңімпазымен жолығады.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×