Месси осы маусымдағы көрсеткіштері бойынша Роналдуды басып озды

04.08.2020, 16:38
Екі чемпионатта ойнаса да бәсекелестік қалмайды екен.
Месси осы маусымдағы көрсеткіштері бойынша Роналдуды басып озды

WhoScored футбол статистика порталы әлемдік футболдың үздік ойыншылары - «Барселона» капитаны Лионель Месси мен «Ювентус» клубының көшбасшысы Криштиану Роналдуды осы маусымдағы нәтижелері бойынша салыстырды, деп хабарлайды Sportbox.ru.

Месси Роналдудан гол саны бойынша артта қалды, сонымен қатар Криштиану Леоны кубок саны бойынша да артта қалдырды - Португалиялық шабуылшы «Ювемен» Италия чемпионы атанды, ал "Барселона" Ла Лигада екінші орын алып қалды.

Месси, өз кезегінде, Роналдудан голдық пастар саны бойынша, «Матчтың үздік ойыншысы» деген марапат бойынша, сонымен қатар матчтағы орташа ұпай саны бойынша да озып кетті.

Месси мен Роналдудың 2019/20 маусымдағы көрсеткіші:

1. Голдар:

Роналду 31-25 Месси

2. Нәтижелі пастар:

Месси 21-5 Роналду

3. Кубоктар:

Роналду 1-0 Месси

4. Әр матчтағы орташа ұпай:

Месси 8.71 - 7.82 Роналду

5. «Матчтың үздік ойыншысы»:

Месси 22-10 Роналду

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×