38 жастағы Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси пенальтиден тыс соғылған голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатып, Криштиану Роналдуды басып озды.
Бүгін, 20 шілде күні өткен MLS чемпионатының ойынында "Интер Майами” қонақта "Нью-Йорк Ред Буллз” командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Месси бұл ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Екі гол да пенальтиден емес, ойын сәтінде соғылды.
Осылайша, Лионель Мессидің карьерасындағы пенальтисіз голдар саны 764-ке жетті. Ал Роналдудың көрсеткіші — 763.
Жалпы, Месси кәсіби мансабында 1114 матч өткізіп, 874 гол соққан. Оның ішінде 110 голды пенальтиден енгізген. Ал Криштиану Роналду болса, 1281 ойында 938 гол соққан, оның 175-і пенальтиден.