Месси шынымен де «Интерге» ауыса ма?

29.07.2020, 15:43
«Интер» иесінің телекомпаниясы Милан соборында Мессидің бейнесін көрсетті
Месси шынымен де «Интерге» ауыса ма?

"Интер" мен "Наполи" арасындағы Италия чемпионатының 37-ші турының матчын жариялау кезінде «Интер» иесі Стивен Джанға тиесілі Suning TV телекомпаниясы Милан соборында «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің бейнесін көрсетті.

Италияда жанкүйерлер «Интер» бұл жолмен Мессиді өзіне тартады деп ойлады. Алайда кейбір жанкүйерлер мұны аргентиналық шабуылшының итальяндық клубқа ауысуының мүмкін нұсқасы деп бағалайды.


«Интер» қожайындары Мессидің жоғары жалақысынан қорықпайтыны туралы хабарланды. Олар аргентиналыққа жылына 50 миллион еуро төлеуге дайын, өйткені оның ауысуынан көп пайда көреді.

Леоның командада болуы жаңа демеушілерді тартады, сонымен қатар жабдықтардың сатылымын арттырады.

33 жастағы Месси - "Барселонаның" түлегі. Каталония клубының құрамында ол барлық турнирлерде 729 матч өткізіп, 633 гол соғып, 285 голдық пастың авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×