"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет мансабын туған жерінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы "Тараз” директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
Жамбыл футболының түлегі, кезінде "Қазақ Мессиі” атанған 25 жасар Еркебұлан Сейдахмет пен "Тараз” басшылығы арасында алғашқы келіссөздер жүргізілген. Клуб тарапынан футболшыға ресми ұсыныc жасалып, қазіргі уақытта ойыншының жауабы күтілуде.
Дидар Сыдықбектің айтуынша, трансфердің жүзеге асуы Сейдахметтің қазіргі клубы — "Ақтөбемен" арадағы міндеттемелеріне тікелей байланысты.
"Еркебулан Сейдахметпен Таразға оралу туралы диалог құрдық. Контракт жазуға офер жібердік. Жақын арада жауабын айтар. Ескеретін жәйт дәл қазір Ақтөбемен контрактісы бар. Сол сұрақ шешілсе Еркош сөзінде тұрып Таразға оралып қалар.” – деді Сыдықбек өзінің телеграм арнасында.