Лондондық "Тоттенхэм" еркін агент атанған 34 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді қатарға қосуы мүмкін. Бұл туралы Daily Express басылымы хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, "Тоттенхэм" Гарри Кейнді 118 миллион еуроға сатуды жоспарлап отыр. Ал түскен ақшаны Мессиге жалақы ретінде төлемекші. Сол себепті лондондық клуб Лионель Месси үшін таласта фаворит саналатын "Пари Сен-Жерменмен" бәсекелесуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда "Барселона" Мессимен келісім-шартты ұзартпайтынын мәлімдеген еді. Ал кеше Мессидің өзі бірнеше клубтан ұсыныс түскенін және келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET